Пәкістанда бомба жарылысынан 15 адам қаза тапты

Пәкістанның Пешавар қаласында кеше шиит мешітінің маңында бомба жарылды, кемінде 15 адам қаза тапты, 30 шақты адам жарақат алды. Шабуыл шиитер қасиетті Ашұра мерекесіне дайындалып жатқанда жасалды. Құрбандардың көпшілігі - полиция қызметкерлері және жергілікті ресми өкілдер. Оқиға жерінде болған полиция бастығы Мәлік Сааб қаза тапты. Шабуылды жанкешті жасады.