Тәжікстанда астыртын бункер табылды

Тәжікстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Исфара қаласында 15 метрлі астыртын бункерді тапқандарын хабарлады. Ол бункерді Өзбекстан Ислам Қозғалысының соғысушылары пайдаланған деген болжам айтылды. Соғд аймағындағы прокуратура өкілдері “Азаттық” радиосының тәжік қызметіне берген сұхбатында табылған бункер тиым салынған “Хизбут-Тахрир” ұйымына да қатысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.