Ирақта кеше кем дегенде 50 адам қаза болған

Шииттердің қасиетті мерекесі Ашураның ең жоғарғы тойлану күнінде түрлі шабуылдардан осындай шығын орын алған. Балад Руз қаласындағы мешітте жанкешті бомбасынан кем дегенде 23 адам қаза болған. Ханақинде жол шетіндегі бомбалық жарылыстан 13 адам көз жұмған екен.