Қырғыз үкіметінің жаңа құрылымы жөніндегі жоба парламентке ұсынылды

Бұл ұсыныс-жоспар бойынша, үкімет құрамында жаңа министрлік ашылып, тағы бір үкімет басшысының орынбасары қызметі қосылатын болады. Сейсенбі күні жаңа үкімет басшысы Әзім Исабеков тарапынан ұсынылған бұл жоспарды парламент бүгін қарамақшы.