Бағдадта кемінде 6 адам қаза тапты

Бүгін Бағдадтың орталығында орын алған жарылыстан кемінде 6 адам қаза тауып, 12 кісі жараланды. Ал Адхамия аймағындағы шабуылдан бір адам құрбан болды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Анбар провинциясында бүгін бір сарбаз қаза тапқан.