Әндіжандық құрбандар Германия прокурорының шешіміне наразы

Өзбекстанның Әндіжан қаласында 2005-жылы мамыр айында болған қырғын құрбандары Германия федералдық прокурорының Өзбекстанның бұрынғы ішкі істер министрі Зокир Алматовтың үстінен тергеу жүргізілмейді деген шешіміне наразылық білдірді. 2005-жылы желтоқсанда неміс прокуроры құрбандардың арызын қабылдамаған болатын. Ал Зокир Алматов сол Германияда ем қабылдаған еді.