БҰҰ Сербия үкіметі мен Косово албандарын өзара мәмілеге шақырды

Еуропалық ресмилер Сербия мен Косово албандарынан БҰҰ-ның арнайы елшісі Ахтисааридің ол аймақтың болашағы жөніндегі ұсыныстарына жауапкершілікпен қарауын сұрайды. Марти Ахтисаари Белград пен Приштинаға өзара мәмілегерлік ұсынысымен келген болатын. Бірақ, ол ұсыныстың мақсаты Косованы тәуелсіздік жолына бағыттауы мүмкін деген күдікпен Сербия ұсынысқа қарсы болды.