Ауғанстанда “Талибан” дала қолбасшысы өлтірілді

Ауғанстандағы НАТО жетекшілігіндегі күштер бүгін елдің оңтүстігінде әуеден соққы беріп, “Талибанның” дала қолбасшысын өлтірді. НАТО баспасөз-хатшысы Том Коллинстің хабарлауынша, Муса-Қаладағы бұл операция Ауғанстан үкіметінің келісімімен жүзеге асырылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы аймақтағы Талибан қолбасшысы Мулла Ғафурдың көлігі нысанаға алынған. Талибандықтар Муса Қаланы бейсенбі күні басып алған болатын.