Индонезияда су тасқынында кемінде 20 адам құрбан болды

Индонезия астанасы Джакартағы су тасқынынан кемінде 20 адам қаза тауып, 200 мың адам үйсіз қалды. Үш күн қатарынан болған нөсер жауын салдарынан өзендердің суы тасып кеткен. Сөйтіп қаладағы үйлер мен мектептер және ауруханалар су астында қалған. 9 миллион халқы бар бұл қалада төтенше жағдай жарияланды.