Бағдадта Иран дипломаты ұрланды деген хабарды ресми Теһран растады

Иран елшілігінің екінші хатшысы Жалал Шарафи жексенбі күні ұрланды. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы хабарлады. Иранның ресми ИРНА ақпарат агеттігінің хабарлауынша, Теһран дипломаттың қауіпсіздігі мен өмірі үшін АҚШ күштері жауапты деген. Ал Ирақтағы АҚШ әскерилері бұл оқиғаға қатысымыз жоқ дейді.