Ал, одан бұрын парламент жаңа үкіметтің құрылымын бекітті. Құрылымда бас министрдің 2 орынбасары, İшкі істер, Қорғаныс министрі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар. Қалған бос орындарға министрлерді президент Бақиев алдағы күндерде тағайындамақ. Әділет министрі Қайыповтың айтуынша, ұсынылған министрлер Парламент мақұлдауынсыз-ақ тағайындалатын болады.