БҰҰ, ЕҚЫҰ өкілдері Түркіменстанның президенттік сайлауларына қатысу үшін Ашхабадқа келіп жатыр

Түркіменстаннан түскен хабарларға қарағанда, жексенбідегі президенттік сайлауларды бақылау үшін БҰҰ-ның өкілдері Ашхабадқа келді. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясынан да сайлауды бақылаушылар жеткен. Түркіменстанда президенттік сайлаулар бұрынғы президент Сапармұрад Ниязов желтоқсан айында қаза болған соң белгіленген. Жалпы, бұл елде президенттік сайлау 15 жылдан кейін өткелі отыр.