БҰҰ-ның Атом Энергиясы жөніндегі агенттігі Иранға берілетін техникалық көмектің жартысын қысқартты

Атом Энергиясы жөніндегі БҰҰ-ның агенттігі Техранның ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ енгізген санкцияға қолдау ретінде Иранға берілетін техникалық көмектің тең жартысын тоқтатты. Көмекті азайту шаралары наурыз айындағы МАГАТЭ басшыларының ақырғы отырысында мақұлданатын болады.