Оққа ұшқан тәліптердің арасында Омар молданың жақын үзеңгілесі де болуы мүмкін

КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштер бүгін Гильменд өлкесіне жасаған шабуылының барысында бірнеше тәліптің көзін жойғанын мәлімдеді. Осы мәлімдемеге қарағанда, бұл шабуыл - тәліптердің бас сауғалап жүрген лидері Омар молданың жақын үзеңгілесінің көзін жоюды мақсат еткен көрінеді. Коалициялық күштер басшылығының хабарлауынша, ол адам қаза болғандардың ішінде болуы да мүмкін. Ауғанстандағы АҚШ күштері тәліптердің көктемгі шабуылдарын тосып отыр.