Х.Солана Иранмен арадағы келіссөздің қайта жалғасуын қалайды

БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде бас қосқан Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері БҰҰ-ының Иранға қарсы жаза қолдану туралы Қарарын жүзеге асыру жоспарын мақұлдады. Иранның уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқаны үшін өткен жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ы оның ядролық бағдарламасы мен соған қатысы бар ресми тұлғаларына қарсы жаза қолдану туралы Қарар қабылдаған болатын. Ал Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Х.Солана Иранмен арадағы келіссөзді жалғастыруға шақырды.