Ирақ билігі Мұхтада ас-Садрдың Иранда екендігін растады, бірақ ол онда қашқын ретінде бармаған дейді

Бұл жөнінде бүгін мәлімдеген ресмилер ол Ирақта тұтқынға түсуден қорқып қашып кеткен жоқ дейді . Ирақ премьер-министрінің кеңесшісі Сами әл-Асқари Мұхтада ас-Садр Иранға сапармен барған, ол жуық арада қайтып оралады деп айтқан. Ирақтағы АҚШ әскерилерінің айтуынша, қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ирақ өзінің Иранмен және Сириямен шектесетін шекараларын жапқан.