Пәкістандағы қалалық сот ғимаратында болған жарылыстан кемінде 15 кісі қаза тапты

Пәкістанда, Кветте деген қалалық сот ғимаратында жарылған бомба салдарынан, арасында судья және адвокаттар да бар, кемінде 15 кісі қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Полиция дерегіне қарағанда, бұл жанпидашының қастандық шабуылы болған. Балухистан уалаятының астанасында соңғы айларда мұндай бомба шабуылдары бірнеше рет орын алған.