Иранның рухани көсемі Әли Хаменей Иранның ядролық бағдарламасы оның болашағы деп атап көрсетті. Осындай бағытты Иран президенті Махмұд Ахмединежад пен елдің барлық басшылығы ұстанады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иранға ядролық бағдарламасын дамытуды тоқтату турасында шарт қойып, олай болмаған жағдайда санкциялар қолданылады деп ескерткен болатын, ол шарттың мерзімі төрт күннен кейін бітеді.