Бүгін Австралия Ауғаныстандағы жасақтарын көбейтуді қарастырып жатыр

Австралия қорғаныс министрі мәлімдегендей, бұл елде өздерінің Ауғаныстандағы жасақ санын көбейту мәселесі қаралып жатыр. Қорғаныс министрі Брендэн Нелсонның сөзіне қарағанда, австралиялық ресми әскерилер Ауғаныстандағы өз әскерлер санын қаншалықты ұлғайту қажеттігін білу үшін Орузган провинциясына барып қайтады. Нелсон сонымен қатар, бұл аймақтағы Талибандар шабуылына байланысты алаңдаушылығын білдірген. Қазір Ауғаныстанда Австралияның 500 әскері бар.