НАТО бас-хатшысы Ауғанстандағы соғыста жеңіске қол жеткізу керек дейді

НАТО бас-хатшысы Яап де Хуп Схеффер Ауғанстандағы исламшыл соғысушыларға қарсы соғыста жеңіске жету батыс елдерінің қауіпсіздігі үшін өте маңызды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол президент Хамид Карзаймен бірге Кабулда өткізген баспасөз-мәслихатында айтты. Схеффердің мәлімдеуінше, НАТО Ауған Армиясын жетілдіруге көбірек көңіл бөлуі тиіс, ал Ауғанстан үкіметі елде демократиялық мекемелерді құрып, жемқорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес жүргізуі керек.