Латвияда мүгедектер үйіндегі өрттен 26 адам көз жұмды

Латвия ресмилерінің хабарлауынша, бүгін Латвияның батысындағы Алсунга қаласындағы зейнеткер мүгедектер үйінде өрт шығып, 26 адам қаза болды. Жарымжан 40 адамды өрттен алып шыққан. Өрттің неден болғаны әлі белгісіз, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру министрі өрттің электр жүйесінен шыққанын айтқан.