Фидель Кастро өз денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты

Куба президенті Фидель Кастро Венесуела радиосында тікелей толқында сөйледі, денсаулығым жақсарып келеді деді. Фидель Кастро радиода Венесуела президенті, жақын одақтасы Хьюго Чавеспен қоса сөйледі. Фидель Кастроның асқазанына былтыр шілде айында операция жасалған, содан бері ол бұқараға шықпай қалды, президент билігін інісі Раульге уақытша тапсырған.