Ауғаныстандағы қақтығыста үш адам қаза болды

Бүгін Ауғаныстанның батысында орын алған бомба жарылысынан екі ауғандық бейбіт тұрғын қаза тауып, 11-і жараланды. Велосипедке қойылған бомба Херат қаласы мен жергілікті әуежайға таратын жол бойында жарылған. Елдің шығысындағы Кунар провинциясындағы полиция бекетіне жұма күні түнде бүлікшілдер шабуылдап, бір полицей мерт болып, екеуі жараланған.