Британия және Ирақ әскерлерінің Басрадағы барлау штаб-пәтерлеріне жасаған рейдтеріне тексеру жүргізуге үкімет басшысы шақырды

Бұл рейдтерді Нури әл-Мәлики заңсыз және жауапсыз атқарылған іс деп бағалады. Британия әскерилері болса, Ирақ Ұлттық барлау агенттігі штаб-пәтерлерінен 30-дай тұтқынды тапқандарын айтып отыр. Олардың арасында бір әйел және екі бала бар екен. Олар өздеріне жасалған азаптау белгілерін де көрсеткен.