Жексенбі күні 10 шақты қарапайым азамат қаза болған оқиғаны Ауған президенті Хамид Қарзай айыптады

Жалалабадқа жақын жерде болған АҚШ күштері мен көтерілісшілер арасындағы шайқас кесірінен болған бұл жазықсыз адам шығыны себептерін зерттеуге Қарзай бұйрық берді. Сондай-ақ, Каписа аймағында НАТО-ның әуе шабуылдары кесірінен түнде 9 қарапайым адам қаза болды дейді әкім орынбасары.