Ауғанстанда АҚШ пен НАТО күштерінің соққысынан бейбіт тұрғындар қырылуда

КАБУЛ: Ауғанстан шенеунектерінің хабарлауынша, НАТО күштерінің әуе соққысынан елдің солтүстігіндегі Каписа өлкесінің 9 бейбіт тұрғыны құрбан болды. Дүйсенбіге қараған түні тәліп содырлары НАТО-ның соғыс базасын атқылаған соң, НАТО-ның әуе күштері әлгі өлкеге әуеден соққы берді. Ал жексенбі күні АҚШ әскері мен тәліптердің арасында болған қақтығыста тағы 10 шақты жергілікті бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.