Ресей Иранның атом электр зауытын аяқтауға өз жұмысшыларын жіберуді кейінге қалдырды

Ресейдің “Атомстройэкспорт” компаниясы хабарлағандай, Иран қажетті төлемақыларды өтемей отырғандықтан, Ресей өз жұмысшыларын Ирандағы Бушер атом электр бекетінің құрылысын аяқтауға жібермей отыр. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, бүгін ирандық ресмилер жобаның қаржыландыруын талқылау үшін Мәскеуге бармақшы.