Ауғандық құқық қорғаушылар кедейлік отбасылардың балаларын сатуға мәжбүрлейді дейді

Ауғаныстанның құқық қорғаушы топтары елдің Жовзган провинциясында көптеген отбасы өз балаларын сатып жатқанын хабарлап отыр. Олардың дерегіне қарағанда, Ауғаныстандағы кедейлік тауқыметін тартқан ата-аналар кішкентай балаларын сатуға мәжбүр болған. Сонымен қатар қыздарын қалыңдық ретінде қалың малға сатып жатыр.