Иран сенбі күнгі Ирақ конференциясына қатысатынын мәлімдеді

Бүгін Иран алдағы сенбі күні АҚШ ресмилері де баратын Ирақтың қауіпсіздігіне арналған конференцияға өзінің қатысатынын айтты. Сыртқы істер министрі Манучир Моттакидің сөзіне қарағанда, Иран делегациясын сыртқы істер министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Аббас Арагчи бастап барады. Ол Бағдадта өтетін жиынға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі мен Ирақ көршілері қатысады.