Арменияның сыртқы істер министрі Таулы Қарабақ келісімдерінде оң өзгерістер болады деп сенеді

Арменияның сыртқы істер министрі Армен Осканиян Женевада болатын алдағы келіссөздер Таулы Қарабақ мәселесін реттеуде жақсы нәтижелер әкелуі тиіс дейді. Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері осы екі ел президенттері Роберт Кочерян мен Илхам Әлиевтің аталған даулы мәселе бойынша кездесуінің негіздерін әзірлеуі керек болатын. Осканиян президенттер кездесуі Арменияда мамыр айында өтетін парламент сайлауынан кейін болуы тиіс деп атап өткен.