Самара қаласында әуе апатында жеті адам қаза тапты

Ресейдің Самара қаласында "Ту-154" ұшағы бүгін төтенше жағдайда жерге қонды. Мұның салдарынан жеті адам қаза тапты, 50 шақты адам жарақат алды. Ресми мәліметке қарағанда, ұшақтың шасси дөңгелегі шықпай қалған, ұшақты дөңгелексіз қондыруға тұра келген.