Ауғанстанда жанкешті-террористердің шабуылдары жиілеп кетті

КАБУЛ: Бүгін жанкешті-террорист отырған автокөлік Ауғанстан астанасындағы АҚШ елшілігінің күзетіне шабуыл жасады. Елшілік өкілі хабарлағандай, Жалалабад қаласына бара жатқан жолда болған осы қастандықтан кем деген 1 адам ауыр жараланды. Автокөлікте АҚШ-тың елшісі болмаған көрінеді. Қыс өткен соң Ауғанстанда тәліптердің шабуылдары жиілей түсті. Өткен аптада ғана жанкешті-террористердің 9 шабуылы тіркелді.