Ресейдің көмір шахтасындағы жарылыстан 17 кенші қаза тапты

КЕМЕРОВО: Бүгін Сібірдегі көмір кенішінде жарылыс болып, соңғы ақпар бойынша, 17 кенші қаза тапты. Ресейдің төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, бүгін таңертең Кемерово облысындағы “Ульяновская” шахтасында жарылыс болған кезде 168 кенші жер астында жұмыс істеп жатқан. Құтқарушылар шахтадан 55 кеншіні сыртқа аман алып шығарды. Облыс басшылығы шахтада метан газының жарылғанын мәлімдеді.