Осыдан төрт жыл бұрын Ирақта АҚШ жетекшілігіндегі соғыс басталды

Сол 4 жылдық соғыста Ирақта кемінде 60 мың адам құрбан болды. Ал қаза болған олардың 3200 американдық әскер екен. БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2 млн.-дай ирақ азаматы өз ата-қонысынан безіп, шетелдерге кеткен. 1 млн 800 мыңдай тұрғын өзге аймақтарға қашқан. Соғыстың 4 жылдығы қарсаңында президент Буш Ирақтан одақтас күштер жақын арада қайтарылмайды деген.