НАТО күштері Ауғанстанда үйлерін су алған 600 ауыл тұрғынын эвакуациялады

Баспаналарын су бұзып, далада қалған 600 адамды НАТО жасақтары тікұшақтармен алып шықты. НАТО одағының таратқан мәлімдемесінде ауа райының нашарлығы мен үздіксіз жауған жаңбырға қарамастан, Нидерланды әскерлері мен АҚШ тікұшақтары Нелманд пен Ұрұзган провинцияларының аралығындағы шекараға жақын жатқан аудандардан көптеген адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіруге көмектесті деп жазылған.