ПАРИЖ: Франция президенті Ж.Ширак алдағы президент сайлауында дауысқа түсетін үміткерлердің ішінен оңшыл күштердің өкілі Николя Саркозиді қолдайтынын мәлімдеді. Алдағы сәуір-мамыр айларында өтетін президент сайлауына түсетін үмітrерлердің ішінен қазіргі ішкі істер министрі Н.Саркозидің мүмкіндігі басым саналады. Соңғы жылдары қазіргі президент пен оңшылдардың үміткері Н.Саркози өзара қақтығысып келген болатын.