Халықаралық хұқық қорғау ұйымдары Өзбекстанға қарсы шаралар қолдануға БҰҰ-ның Хұқық қорғау кеңесін шақыруда

Ол ұйымдар - Халықаралық Хельсинки федерациясы, Хюман райтс уотч және Адам хұқықтары бойынша халықаралық федерация. Олар бұл өтініштерін Женевада өтіп жатқан БҰҰ кеңесінің сыртында тапсырмақшы.