Хабарларға қарағанда, ол елдің ядролық сөйлесулер бойынша өкілі Бежіннен кетер алдында журналистермен сөйлеспеген. Соңғы сөйлесулер мұнда наурыздың 19-күні басталған еді. Болашақтағы алғашқы мүмкін болған сәтте қайта кездесуге алты жақ келісті. Кезінде тұтқындалған 25 миллион доллар қаржысы босатылмайынша өз ядролық бағдарламасын тоқтатудан бас тартатынын Солтүстік Корея мәлімдеді.