Бүгін АҚШ мемкекеттік хатшысының Таяу шығыс сапары басталады

Кондолиза Райс бүгін алдымен Египетке барады, бұл оның осы аймаққа үшінші сапары. Египеттің Асуан қаласында Кондолиза Райс Араб төрттігі елдері деп аталатын - Египет, Иордания, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекшілерімен кездеседі. Ол сондай-ақ Израил мен Палестина жерлерінде де болады.