Иран президентінің БҰҰ-на сапары болмайтын болды

Махмұд Ахмединежад БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған қарсы санкцияларды қатайтуды дауысқа салатын мәжілісіне қатысып, сөз сөйлемекші болған еді. Техранның хабарлауынша, Нью-Йоркқа президентпен бірге баратын ресмилерге виза кеш берілгендіктен сапар болмай қалған. Алайда, Иран делегациясына АҚШ-қа кіру визасы кеш берілді дегенді Америка жағы жоққа шығарады. Қауіпсіздік кеңесінің уран байытуды тоқтатудан бас тартып отырған Иранға қарсы санкцияны қатайту отырысы бүгін өткізілуі тиіс.