50 жылдық мерейтойға орай арнайы қарарды Еуропа одағы басшылары бүгін қабылдады

Ол құжатта құрамында 27 мүше ел бар аталған ұйымның 50 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктері мен кездескен қиындықтары қамтылған. 1957-ші жылдың 25-ші наурызында Рим келісімінің жасалғанының 50 жылдығы осы “Берлин қарарында” арнайы атап өтілуде. Бұл жаңа құжат 2009-шы жылды жаңа Конституциялық келісімнің дайындалуының соңғы межесі ретінде белгіледі.