Британияның 15 теңізшісін босатуды Еуропа одағы Ираннан одан әрі қатаң түрде талап етуде

Ол теңізшілдерді Иран теңіз жасақтары Парсы шығанағындағы Иран мен Ирақ шекарасын белгілеп тұратын су жолдарынан ұстаған болатын. Наурыздың 23-і күні Иран шекара суларын заңсыз түрде кесіп өткендерін британдық ол теңізшілер мойындады деп мәлімдеуде Иран тарапы. Ал, Британия жағы болса, ұсталған кездерінде әлгі теңізшілер контрабандаға қарсы заңды түрдегі бақылауды жүргізуде еді дейді.