Тұтқынға алған британиялық 15 матрос пен теңіз жаяу әскерін босатуға Иран елін Ирақ Сыртқы істер министрі шақырды

Хошияр Зебари мырза бұл ұсынысын телефон әңгімесінде Ирандық әріптесі Манучир Моттакиге айтқан еді. Зебаридің айтуынша ол матростар Ирақ суларында тұтқындалған. Техран тарапы болса, ол теңізшілер Иран суларына заңсыз түрде енді, дейді.