Өзбекстанда журналистке қарсы қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстан бас прокуратурасы Германияның Deutsche Welle радиосының тілшісіне қарсы қылмыстық іс қозғады. Журналист Наталья Бушуеваға лицензиясыз жұмыс істеді және салық төлеуден бас тартты деген айып тағылып отыр. Егер ол айыпты деп табылса, үш жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Бушуеваның анасы қызын екі күннен бері көрмегенін айтады.