Ирақтағы шийттер АҚШ бастаған шетел күштерінің кетуін талап етеді

ӘН-НАДЖАФ: Бүгін Ирақтағы бітіспес шийттердің рухани лидері Мұқтада Ас-Садрдың үзеңглестері шийттердің қасиетті Ән-Наджаф қаласында Америка Құрама Штаттарына қарсы жаппай наразылық шеруін өткізуге тиіс. Бұл шара АҚШ армиясының Бағдад қаласына басып кіруінің 4 жылдығына байланысты ұйымдастырылмақшы. Шеруге шыққан халық АҚШ бастаған әскери күштердің Ирақтан шығарылуын талап етпекші. Бомба орнатылған автокөліктердің жарылыстарынан сескенген Ирақ үкіметі бүгін Бағдад қаласында барлық автокөлік түрінің жүрісіне тыйым салды.