Түркия күрд сепаратистеріне қарсы ауқымды соғыс операциясын іске асыруда

ТҮНЖЕЛИ: Түркияның оңтүстік-шығысында күрд сепаратистеріне қарсы ауқымды соғыс операциясы іске асырылып жатыр. Өткен бірнеше күннің ішінде болған шайқастардың барысында түрік қарулы күштерінің 10-ға жуық жауынгері қаза тапты. Хабарға қарағанда, кеше Түркияның Ирақ шекарасына жақын Түнжели, Бингол, Битлиш Сирнак облыстарында шайқас болып, “Күрдістанның жұмысшы партиясының” 7-ге жуық партизаны оққа ұшты.