Христиандар пасха мерекесін тойлауда

Бүгін Ресейден Римге дейінгі миллиондаған христиандар пасха діни мерекесін тойлауда. Осы мерекенің алдындағы “Жақсы Жұма” деп аталатын күні Рим папасы Бенедикт 16-шы өзінің діни уағызын өткізді. Оның барысында Бенедикт, сондай-ақ, дүниежүзіндегі әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық мәселесін атап өтті.