АҚШ-тың “Halliburton” мұнай компаниясы бұдан былай Иранда жұмыс істемейді

ХЬЮСТОН: Американың “Halliburton” мұнай компаниясы Иранның алдындағы өзінің барлық іскерлік міндеттемесін атқарып болып, енді бұл елде қайтып жұмыс атқармайтынын мәлімдеді. Дик Чейни - АҚШ-тың вице-президенті болып сайланғанша осы компанияны басқарған болатын. “Halliburton” – Иранмен арадағы келісім-шарттарының мерзімі аяқталған соң, Ислам республикасында қайтып іс атқармайтынын 2005-інші жылы жариялаған болатын. АҚШ заңдарына сәйкес, Америка компанияларының Иранмен сауда жүргізуіне болмайды, бірақ “Halliburton” шетел азаматтарының меншігіне жататын филиалдарының келісімдері бойынша Иранда заң қызметін ғана атқарғанын айтып ақталды.