Ирақ бас министрі америкалық әскерді шығарудың қажеті жоқ деді

Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәлики елден америкалық әскерді шығарудың қажеті жоқ, әскер шығару кестесін қарастырудың қажеті жоқ деді. Бағдадта бомба шабуылынан 5 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды. Бағдадта тағы бір шабуылда бір адам қаза тапты, 15 адам жарақат алды. Ирақтың Мұқдададия қаласында әйел жанкешті бомбасын жарды, кемінде 14 адам қаза тапты, кемінде 20 адам жарақат алды.