Италияның гуманитарлық көмек тобы Ауғанстаннан кетті

Құрамында 40-тай қызметкері бар Италияның төтенше көмек көрсету тобы Кабулды тастап шықты. Тәліптер бұдан үш күн бұрын өткен айда италияндық журналистпен бірге тұтқындалған ауған азаматын жазалап өлтірген болатын. Ол журналист түрмедегі бес талибандыққа алмастырылған еді. Италияндық көмек тобы қауіпсіздіктері үшін алаңдағандықтан осындай шешімге барғандықтарын айтады.